Бас прокурор Самат Әбішке қатысты пікір білдірді

Бас прокурор Самат Әбішке қатысты пікір білдірді
Фото: Самат Әбіш. gov.kz

Бас прокурор Берік Асылов ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазір тергеу жүріп жатыр. Соның ішінде мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға қатысты қылмыстық істерді ҰҚК тергеп жатыр. Жауапкершілік мәселесі қылмыстық істің аяғында анық болады", - деді Берік Асылов.

Берік Асылов журналистердің Самат Әбіштің қазіргі жағдайына қатысты сұраққа жауап берді.  

"Ондай ештеңе жоқ, одан жай ғана куәгер ретінде жауап алынды", - деп жауап берді ол.

Бас прокурор оның қорғауға құқығы бар куәгер емес, жай ғана куәгер екенін нақтылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек