- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Айтыскер Серікзат Дүйсенғазының...
Айтыскер Серікзат Дүйсенғазының ұлының өліміне қатысты соталды тергеу басталды
Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлының өліміне қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Sinegor интернет-порталына Ақмола облыстық Полиция департаментінің өкілдері хабарлады. Полицейлердің мәліметінше, 2 қаңтарда сағат 17.25 шамасында Зеренді ауданындағы полиция бөліміне Садовое ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан шаңғы базасындағы шаңғы жолында 2006 жылғы баланың денесі табылғаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Алдын ала жиналған материалдар бойынша, шаңғы трассасында кәмелетке толмаған жігіт ағашқа соқтығысып, есін жимастан оқиға орнында қаза тапқан.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабы бойынша соталды тергеу басталған. Қажет сараптама тағайындалған.
Еске салайық, 2 қаңтарда айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина