Дәурен Абаевтың орнына жаңа министр тағайындалды

Дәурен Абаевтың орнына жаңа министр тағайындалды

Асхат Оралов мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған. Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін, ҚР СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

Әр жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Nur Otan партиясының филиалында, Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасында, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде, ҚР Қоғамдық даму министрлігінде жұмыс істеген.

2019 жылы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болған.

Ал 2020 жылғы шілдеден бастап ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова