Асхат Аймағамбетов министр қызметінен кетті

Асхат Аймағамбетов министр қызметінен кетті

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды", - делінген Ақордада жарияланған Жарлықта.

Айта кетейік, Асхат Аймағамбетов 2019 жылғы маусымнан бастап 2022 жылғы маусымға дейін білім және ғылым министрі қызметін атқарған. Ал 2022 жылғы 11 маусымнан бастап Президент Жарлығымен оқу-ағарту министрі болып тағайындалған.

Одан бөлек, Қарағанды облысы Білім беру басқармасының басшысы, Қарағанды қалалық мәслихатының III және IV шақырылымдарының депутаты, қала мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш