Қордай асуының айналма жолы жабылды

Қордай асуының айналма жолы жабылды

Жамбыл облысындағы Қордай асуының айналма жолы ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, өңірде қолайсыз ауа райы бірнеше күн сақталады. Алдағы күндері қар жауып, боран соғып, жолдарда көру мүмкіндігі шектеледі.

"Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қарлы боран) 2023 жылдың 4 қаңтары, сағат 00.10-дан бастап Қордай асуының айналма жолының 159-238 шақырымында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды", - делінген хабарламада.

Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZHAMBYL REGION (@zhambyl.gov.kz)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова