Тергеу заңсыз - "Яндекс Go" такси бағасын тексеру туралы

Тергеу заңсыз - "Яндекс Go" такси бағасын тексеру туралы
Фото: РИА Новости

"Яндекс Go" компаниясы сот тарифтерді жасанды өсірді деген күдікпен компанияға қатысты тергеу жүргізуді заңсыз деп танығанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сот біздің ұстанымымызды қолдап, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің осы кезеңнің көп бөлігіне қатысты жүргізген тергеуін заңсыз деп таныды. Сонымен қатар, біз тергеуді бастау жалпы заңсыз деп санаймыз және бұл ұстанымды жоғары инстанцияларда дәйекті түрде қорғаймыз", - делінген компания хабарламасында.

Айта кетейік, БҚДА қызметке қатысты нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдаланып, тарифтерді жасанды түрде арттырды деп күдіктенген болатын. Қыркүйекте алматылықтар Яндекс.Такси қызметінің қымбаттығына шағымданған еді.

Еске салайық, "Яндекс.Таксиге" қатысты екі тергеу жүріп жатыр. "Яндекс.Такси" қызметі нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдаланып, тарифтерді жасанды түрде арттырды деген күдікке ілінген. Қыркүйекте алматылықтар "Яндекс.Такси" қызметінің қымбаттығына шағымданған. Монополияға қарсы департамент төрағасының орынбасары бір іс тоқтатылып, екіншісі бойынша сот процесі жүріп жатқанын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина