- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 1,1 миллионнан аса...
1,1 миллионнан аса адам банкроттық туралы заң көмегімен қарызынан құтыла алады
Қазақстанда 1,1 миллионнан аса адам банкроттық туралы заң көмегімен қарызынан құтыла алады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгінде заң бойынша (банкроттық туралы. - еск.) көмек сұрай алатын қазақстандықтардың саны 1 миллион 170 мың адам болуы мүмкін, оның ішінде 31 мың адам сот тәртібі бойынша өзін банкрот деп тани алады", - деп түсіндірді Біржанов Сенат кулуарында.
Біржановтың айтуынша, бұл негізінен 5 миллион теңгеге дейін немесе 1600 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін қарызы бар адамдар.
"Егер осыған қатыса алатын атаулы әлеуметтік көмек алушылар туралы айтатын болсақ, бүгінде олар 37 мыңға жетеді. Осы 37 мың ішінде 420 атаулы әлеуметтік көмек алушы (АӘК) сот банкроттығы рәсімінен өтуі мүмкін. Бірақ бұл проблемалық қарызы бар адамдардың ең көп саны екенін тағы да айтамын. Сонымен қатар, бізде ипотекалық несиелер бойынша проблемалары бар адамдар бар, бүгінде олар - 5,5 мың, оның ішінде мың адам халықтың әлеуметтік осал топтарынан", - деп түсіндірді қаржы вице-министрі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина