Қазақстанға әскери ұшқышсыз ұшақтар қайдан жеткізіліп жатыр?

Қазақстанға әскери ұшқышсыз ұшақтар қайдан жеткізіліп жатыр?
Фото: elements.envato.com

Қорғаныс министрлігі Қазақстанға әскери ұшқышсыз ұшатын аппараттар қай елдерден әкелінетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сіз Қарулы Күштердің қызметіндегі ұшатын аппараттар туралы айттыңыз. Бізге ұшқышсыз ұшатын ұшақтар қай елдерден әкелінеді? Биыл қаншасы сатып алынды және Қазақстан қорғанысында қаншасы бар" – деп сұрады журналист ОКҚ брифингінде.

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалединов қауіпсіздік мақсатында Қарулы Күштер қызметіндегі ұшқышсыз ұшатын ұшақтар санын айта алмайтынын түсіндірді.

"Иә, біздің қорғаныста шет мемлекеттердің ұшқышсыз ұшатын аппараттары бар. Оның ішінде Израиль мен Қытай Халық Республикасы. Қазір біздің территорияда өндірісі ұйымдастырылатын Түркия Республикасының ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алу көзделген", - деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек