32 жасына дейін 22 пәтер сатып алған қыз жетістігінің құпиясын айтты

32 жасына дейін 22 пәтер сатып алған қыз жетістігінің құпиясын айтты
Фото: pexels.com

"Отбасы банктің" ресми мәліметінше, Қазақстанда 147 адам ғана 20 және одан да көп пәтерге иелік етеді. Әдетте, мұндай бай адамдар табысы туралы айтпайды. Tengri Lifestyle басылымының редакциясы 32 жасында 22 пәтер алып, оны қалай жүзеге асырғаны туралы пәтер иесімен сұхбаттасты.

Фото: instagram.com/xenia.sokolunina

Ксения Соколунина Қостанай облысының тумасы, кейінгі бес жылдан бері Алматыда тұрады. Тұрмыс құрған, екі қызы бар. 32 жаста ол - күйеуімен бірге 22 пәтер иесі.

"Бұл 22 пәтерді маған ешкім күміс табаққа салып әкелген жоқ, бермеді. Күйеуім екеуміз адал еңбек еттік. Мен қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келдім, Қостанай облысы, Свердловка ауылынанмын. Ата-анам өмір бойы ауылда тұрып келеді, оларға сонда ыңғайлы, Қостанайда жылжымайтын мүлікі болса да, ауылда тұрған ұнайды.

Маған арнайы қаржы сауаттылығын ешкім үйреткен жоқ, бірақ орта мектепте ата-анам мені интернатқа берген, сонда мен қаржыны жұмсай білу және бюджетті құру бойынша қарапайым дағдыларды игердім. Ол кезде жоспарлайтындай ештеңе болмаса да, мен бастысын түсіндім: ақша санағанды жақсы көреді", - дейді Ксения.

"Мен не істеп көрмедім. Велосипедтерді жалға беру бизнесі, "Мафия" ойынын ойнауға арналған клуб ұйымдастыру және басқа да көп іспен айналысып көрдім. Нәтижесінде күйеуім жалға алып-берумен айналысуды ұсынды, қазіргі ісіміз сол. Яғни, пәтерді ұзақ мерзімге жалға алып, келісімшарт жасасып, иесіне күні бойы жалға беретінімізді түсіндіреміз. Ал бөлшек сауда әрқашан көтерме саудадан қымбат болғандықтан, бізде пайда бар.

10 жыл бұрын біз ипотеканы осылай төлейік деген ойға келдік. Несиеге Қостанайдың орталығынан екі бөлмелі пәтер алдық. Оны да жалға беріп, несиені төлеп, параллель келесі ипотекаға ақша таптық. Бірінші пәтер үшін несие үш жыл бұрын төленді.

Қазір осы схеманың арқасында бізде 22 пәтер бар. Ал кейін де, қазір де, табыс, тіпті салықтардан кейін де, несие бойынша ай сайынғы төлемді жабуға мүмкіндік береді және әлі де артық ақша қалады. Осылайша, 5-6 жыл ішінде тағы бір пәтер несиесі жабылады.

Қазір отбасыммен Алматыда тұрамыз. Еуро жөндеу жасалған екі бөлмелі пәтеріміз бар, ол Алматының ортасында, тауларға қарайтын жаңа тұрғын үй кешенінде орналасқан. Қалған пәтерлер Қостанайда. Мен кең пәтер алуды тиімсіз деп санаймын, өйткені мен күндіз пәтерді жалға берумен айналысамын және екі бөлмелі пәтерлерге сұраныс көп екенін білемін", - дейді кәсіпкер.

22 пәтердің 11-ін, яғни жартысын алматылық әйел сатып алған. Қалған 11-і ипотекалық несиеде. Жылжымайтын мүліктің жалпы құны 350-400 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек