Ресеймен шекараны демаркациялау аяқталып жатыр - ҚР СІМ

Ресеймен шекараны демаркациялау аяқталып жатыр - ҚР СІМ
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілдері Ресеймен мемлекеттік шекараны демаркациялау процесі аяқталып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы Қазақстан-Ресей шекарасы толығымен белгіленді. Қазір халықаралық құқық нормаларына сәйкес оны демаркациялау процесі аяқталып жатыр", - деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров брифингте.

Бұған дейін сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресеймен мемлекеттік шекараны демаркациялау екі-үш жылға созылуы мүмкін екенін айтқан еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек