Танымал вайнер Мейіржан Төребаев тергеу изоляторынан босатылды

Танымал вайнер Мейіржан Төребаев тергеу изоляторынан босатылды
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал вайнер және блогер Мейіржан Төребаев тергеу изоляторынан босатылып, үйқамаққа алынды. Мұндай қаулыны Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісінің судьясы шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Судья адвокат Мейіржан Төребаевтың бұлтартпау шарасын қамаудан үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырды.

Тағы бір танымал вайнер Мейірхан Шерниязовқа келсек, ол сот процесі кезінде абақтыда отыра береді.

Еске салайық, қазақстандық танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов биыл сәуірде Mudarabah Capital қаржы пирамидасы схемасына қатысы бар деген айыппен қамауға алынған болатын. Олар күдікті деп танылып, түрмеде отыр. Олардан басқа іс бойынша жауапкер, үшінші вайнер Әзімжан Саидбаев бар. Оған іздеу жарияланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек