Қостанайда жұмысшы лифт шахтасына құлап мерт болды

Қостанайда жұмысшы лифт шахтасына құлап мерт болды
Фото: YouTube кадры

Қостанайда жұмысшы салынып жатқан ғимараттан лифт шахтасына құлап мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, оқиға қарашаның соңында болған. Еңбек инспекциясы басқармасы бұл ақпаратты растаған. 

46 жастағы тас қалаушы жұмыс уақыты біткеннен кейін баспалдақпен түсіп бара жатқан кезінде лифт шахтасына құлап кеткен. Қайғылы оқиға салынып жатқан ғимаратта болған. 

Бүгінде ведомство мәліметінше, тергеу жүріп жатыр және қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр екен. 

Тергеу аяқталғаннан кейін іс қажет процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жіберіледі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина