Кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты

Кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты

Кейінгі тәулікте 282 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Айта кетейік, 21 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 259 адамнан вирус анықталған болатын. 

22 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 414 адам коронавирус инфекциясынан (–2 291+ және 123 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 311 пациент стационарда, 2 103 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 9 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина