Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза болды

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза болды
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы облысының таулы аймағында Hyundai Santamo мен Mitsubishi Galant көліктері соқтығысып, төрт адам қаза тапты. Екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео kris__p__almaty Instagram-парақшасында пайда болды.

20 желтоқсанда Кеген ауданында Hyundai Santamo және Mitsubishi Galant көліктері соқтығысты.

Hyundai Santamo көлігін 44 жастағы ер адам басқарып, Кеген-Көкпек-Түп жолының 60 шақырымында рөльді басқара алмай, Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers Almaty (@kris__p__almaty)

Жол апатынан Hyundai Santamo жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

"Бұл оқиға дерегі бойынша қажет сараптамалар тағайындалып, заңда көзделген соталды тергеу басталды", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек