"Қазақ дәстүріне жат". Мамандар тойдағы қызу талқыға түскен ойынға пікір білдірді

"Қазақ дәстүріне жат". Мамандар тойдағы қызу талқыға түскен ойынға пікір білдірді
Фото: Видеодан алынған кадр

Бұдан бірнеше күн бұрын Желіде тойда ойнатылған келеңсіз ойын қызу талқыға түсті. Мамандар бұл ойындарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі astanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл видео "Мазақ болған қазақтар" деген атаумен әлеуметтік желіге тарап кетті. Ойынға шыққан қыз бен жігіт экранда көрсетілген суреттерді қайталап әлек. Мұны көрген желі қолданушылары қазақтың тойында мән де, сән де қалмаған деп жарыса жазып жатыр.

Мәдениеттанушы Абылайхан Қалназаровтың айтуынша, жаға ұстатарлық ойындар мен билер тойдың мәнін кетірген. Ол қазақ дәстүрін хайпқа айналдырамын деп, мазақ қылғандардың көбейгенін айтып ашынды.

"Қыз-жігіттерді бейәдеп қылықтар жасатып, бірінің үстіне бірін шығарып, бірінің алдына бірін отырғызып, бірінің ауынан бірін өткізіп деген секілді неше түрлі көрер көзге оғаш қылықтар жасалып жатыр. Әрине, ол сол бір қарағанға қызық шығар. Бірақ ол жерде бала-шаға, үлкендер бар. Яғни, ол қазақтың менталитетіне жатпайтын дүниелер кетіп қалып жатыр", - деп жауап берді ол.

Ал тарихшы Жомарт Жеңіс қазақ жиынындағы ерсі ойын мен бұрмаланған дәстүрді жөнге салу үшін, алдымен той өткізу құрылымын толық өзгерту керек дейді. Себебі біз өткізіп жүрген мерекелік отырыстар қазақ дәстүріне мүлде жат. Кеңестік кезеңде басшылық той-томалақты қалай өткізу керек екенін арнайы бекітіп берген. Ол халық сол әдеттен әлі күнге дейін арыла алмай келеді дейді.

"Бұл әдейі істелген нәрсе. Үлкен ақсақалдардың, абыздарымыздың сөзін жастар естімесін, ұрпақтар арасындағы байланыс үзілсін деген мақсатпен жасалған", - дейді Жомарт Жеңіс.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 59cek ? (@59cek)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек