- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Маған бергендей қуанып...
"Маған бергендей қуанып отырмын". Танымал әншіге жолдасы су жаңа көлік сыйлады
Танымал әнші Альбина Шардароваға жұбайы шоумен Бауыржан Сатов су жаңа көлік сыйлады. Өнер иелері бұл жаңалықты Instagram-парақшаларында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Желідегі оқырмандарынан сүйінші сұрады.
"Сүйінші достар! Алланың қалауымен өмірлік серігім, жан-жарым Бауыржан маған тосынсый жасап, ең алғашқы автокөлігімді сыйға тартты! Қуаныш сыйлап, қуанта білудің өзі нағыз бақыт емес пе?! Аллам абыройдан айырмасын, беркесімен келген көлік болсын! Барша нәзік жанға бұйырсын! Әр әйел, әрбір ана бар бақытқа лайық!" - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары оның қуанышына ортақтасқан.
"Жаным, құтты болсын! Сендердің тек қуанып жүргендеріңді көрейін!", "Маған бергендей қуанып отырмын. Құтты болсын. Әр қыздың ер азаматы осындай болсын. Өмірлік жарларың қуанта берсін", "Құтты берекелі көлік болсын! Тек жақсылыққа мініңіздер", - деп жазған пікір білдіргендер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова