Іле Алатауында қар барысы видеоға түсіп қалды

Іле Алатауында қар барысы видеоға түсіп қалды
Фото: Pixabay.com

Желіде қар барысының ұлттық паркте түсірілген видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео Іле Алатауы ұлттық паркінің Instagram-дағы ресми парақшасында пайда болды.

"Желіде ілбіс бейнеленген видео "Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің Ақсай филиалында түсірілгені анықталды. Ұлттық парк аумағын ілбіс (барыс) бұрыннан мекен ететіні белгілі", - делінген жазбада.

Ұлттық парктің ғылыми қызметкерлері жыртқыш аңды ерекше бақылауға алған. 

"Осыған орай, 5 желтоқсаннан бастап Ұлттық парктің ғылыми-зерттеу қызметкері мен Ақсай филиалының аңтанушы-биолог маманы Ақсай филиалында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әрі қарай Ұлттық парк пен Зоология институты арасында ғылыми әріптестік келісімшарты негізінде жұмыстар атқарылады. Ақсай сайында мекендеп жүрген ілбіс (барыс) мемлекеттік инспекторлар қадағалауында. Қосымша ақпараттар жарияланатын болады", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ILE-ALATAU_NATIONAL_PARK (@ile_alatau_nationalpark)

Айта кетейік, ілбіс - республикамыздың Қызыл кітабына тіркелген жыртқыш. Ол Жоңғар, Іле, Күнгей, Талас, Алтай, Сауыр, Тарбағатай тауларында кездеседі. Мысық тұқымдастар ішіндегі қатал жағдайларға төзімді, биік таулы аймақтарда мекендеп, ірі тұяқты жануарлармен қоректенетін жыртқыш аң.

"Егемен Қазақстан" басылымының мәліметінше, Іле Алатауында жалпы 40 қар ба­рысы мекен етеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек