Алматыдағы екі бірдей жарылыс: оқиғаның жай-жапсары белгілі болды

Алматыдағы екі бірдей жарылыс: оқиғаның жай-жапсары белгілі болды
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда екі бірдей жарылыс болды. ТЖД өкілдері оқиғаның жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, оқиға 5 желтоқсанда сағат 23:19-да Тілендиев көшесінде болған. Өртсөндірушілер 5 минут ішінде келіп, көкөніс сататын дүкеннен өрт шыққанын анықтаған. 

Фото: Алматы ТЖД

Өртсөндірушілер келгенге дейін жоғары температураға байланысты бір газ баллоны жарылған. Артынша екіншісі өрт сөндірушілер келген кезде жарылды. Өрт сөндіру барысында жанып жатқан ғимараттан қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, өртсөндірушілер 50 литрден 2 газ баллонын эвакуациялады.

Фото: Tengrinews.kz

Өрт 4 минут ішінде оқшауланып, 23:36-да жойылды. Қабылданған шаралардың арқасында автотұрақта тұрған автомобильдерді өрт пен жарылыстардан аман алып қалды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина