Қадыровты сынаған блогер өлі табылды - БАҚ

Қадыровты сынаған блогер өлі табылды - БАҚ

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты сынға алған танымал блогер Тумсо Абдурахмановты белісіз біреулер Швецияда өлтіріп кетті, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

"Тумсоны түнде бір топ адам атып кетті, қазір кісі өлтіру бабы бойынша оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр", - делінген БАҚ-та жарияланған ақпаратта.

"Азаттық" радиосының мәліметінше, Абдурахмановты 2 желтоқсанға қараған түні атып кеткен. Швеция билігі бұл ақпаратқа әзірге түсініктеме берген жоқ.

Тумсо Абдурахманов желтоқсанның басынан бастап байланысқа шықпаған. Құқық қорғаушылар оның жоғалып кеткенін хабарлаған болатын. 

Айта кетейік, Тумсо Абдурахманов Шешенстан билігі мен Рамзан Қадыровты сынға алған блогерлердің бірі. Ол YouTube желісіндегі ABU-SADDAM SISHANI арнасында сынға толы видео жариялайды. 2015 жылы блогер Рамзан Қадыровтың туыстарымен жанжалдасып, Ресейден кетіп қалған. Артынша ол Швециядан саяси баспана алды. Шешенстанда Абдурахмановқа "Ислам мемлекетінің" жиһадшыларымен байланысы бар деген айып тағылып отыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова