- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екібастұздағы ЖЭО басшысы...
Екібастұздағы ЖЭО басшысы өлі табылды
Екібастұзда гараждардың бірінен жергілікті ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды. Өлімнің себептерін полицейлер анықтайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екібастұз жылу орталығы қызметкерінің қайтыс болғаны туралы ақпарат Instagram-да 5 желтоқсанда кешке пайда болды. ЖЭО учаскесінің 33 жастағы басшысы ВАЗ-21099 автокөлігінің салонында зорлық-зомбылық белгілерінсіз, гараждардың бірінде табылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Екібастұз жылу энергиясы" баспасөз қызметі Pavlodarnews.kz тілшісіне қызметкердің қайтыс болғанын растаған.
"4 желтоқсанда "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-не полиция басқармасынан қаладағы гараждарының бірінен көлік ішінен Екібастұз ЖЭО қызметкерінің денесін тапқаны туралы қоңырау түсті. Деректерді тексеру кезінде олар бұл шынымен орталық қызметкері екенін анықтады", - деді кәсіпорын өкілдері.
Екібастұз полиция басқармасы бұл дерек тіркелгенін және ол бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Бұл дерек Екібастұз қаласының ПБ-да тіркелген. Тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина