Ерке Есмахан туған күніне сүйіктісі не сыйлағанын көрсетті

Ерке Есмахан туған күніне сүйіктісі не сыйлағанын көрсетті

Әнші Ерке Есмахан туған күніне қандай сыйлық алғанын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ерке Есмахан кеше, 30 қарашада 38-ге толды. Ол жақындарының тарту еткен сыйлықтарын Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Ертегідей болған туған күнім үшін рақмет, жаным", - деп жазған өнер иесі Stories-інде. 

Алдымен әнші жақындары сыйлаған гүлдерді көрсетті. 

Маржан Әмренова, Индира Еділбаева, Айнұр Тұрсынбаева Ерке Есмаханға ғажап гүл шоқтарын жіберген. 

Әнші туған күнінде өзіне Chanel брендінің сөмкесін сатып алған. Ал актриса Гүлназ Жоланова құрбысына YSL брендінің сөмкесін сыйлаған.

Әнші сүйіктісінің сыйлықтарын да көретті. 

"Осы туфлиді өзім алып едім ғой, естеріңізде ме? До конца жылтырап жүрші деп сумкасын да алып берді ғой. Сенкію. 

Тағы бір сыйлығы. Өзінде осындай құлаққап бар. Маған берші деп жүрген едім. Сөйтсем, жаңасына тапсырыс беріпті. Жаңа нөмір, пажалысты. Люблю", - деп жазған Ерке Есмахан Stories-інде. 

Еске салайық, бұған дейін ол Instagram-парақшасында сүйіктісі туралы айтқан еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек