Бас прокуратура жеке сот орындаушыларының қылмыстық схемаларын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеріс барысында Алматыда, СҚО, Қарағанды, Павлодар, БҚО және Ақмола облыстарында жүргізілген тексерулер жеке сот орындаушылары өндіріп алушылардың шоттарына аударуға жататын 1,1 миллиард теңге мөлшерінде ақша ұрлаудың 660 дерегі анықталған.
Мысалы, елордалық жеке сот орындаушылары алимент бойынша жоқ қарызды әдейі анықтап, сот үкімімен мемлекеттің пайдасына тәркіленуге жататын 289 миллион теңгені жеке тұлғаның банктік шотынан шешіп алған. Ол бұл қаражатты Астана қаласы Сот актілерін орындау департаментінің бұрынғы бастығына аударған. Осы қызметі үшін жеке сот орындаушылары 10 миллион теңге ұстап қалған.
Алматылық жеке сот орындаушылары жыл бойы борышкерлердің қаражаты есебінен өзінің банктік депозитін жалпы сомасы 84 миллион теңгеге 18 рет толықтырған. Нәтижесінде ол пайыз түрінде 2 миллион теңге табыс тапқан. Осыған ұқсас жеке сот орындаушылары өз депозитіне 13,6 миллион теңге аударып, шамамен 5 миллион теңгеге жуық сыйақы алған.
Қарағандылық 7 жеке сот орындаушылары борышкерлердің 110 миллион теңге көлеміндегі қаражатын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Басқа жағдайда, алматылық жеке сот орындаушылары "Жанұя" балалар үйінің тәрбиеленушісі кәмелетке толмаған Болгамбаеваға арналған 400 мың теңгені жеке мақсаттында пайдаланған. Павлодарда жеке сот орындаушылары 3 жыл бойы 520 мың теңгеге екі баланың алимент қаражатын ұрлап отырған. Кейбір жеке сот орындаушылары өндіріп алушылардың ақшаларын басшылардың шығындарын жабу үшін пайдаланған.
Батыс Қазақстан облысында жеке сот орындаушылары өңірлік палатаның басшысына және оның орынбасарына 1 миллион теңге аударған. Олардың басқа әріптестері әйелдері мен туыстарына 4,7 миллион теңге бөлген. Ақша қаражатын ұрлау мен ысырап етудің анықталған фактілері бойынша сотқа дейінгі 16 тергеу басталды. Сондай-ақ, қадағалау актісі бойынша 7 жеке сот орындаушыларының лицензиясы алынып, 2 лицензия тоқтатылды, 55 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!