"Жүрегім ауырады". Баласын велосипедпен тасыған ана Қазнетті жылатты

"Жүрегім ауырады". Баласын велосипедпен тасыған ана Қазнетті жылатты
Фото: TikTok

TikTok-та баласын күйме секілді велосипедтің артқы жағына отырғызып, сыртынан суықтан қорғайтын пакет қаптаған ананың видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған видео 1 миллионнан аса қаралым жинаған.

@massaget.kz ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

"Өзі жаураса да баласын жауратпай сабаққа апара жатыр", - делінген видеода. 

@aidosturlybek #өмір #осылай #амалбарма #қазағым #аман #болсын ♬ оригинальный звук - ?????

Кейінірек осы видеоны жариялаған Айдос Тұрлыбек есімді TikTok қолданушысы видеодағы адам табылғанын жазған.

"Батыр анамызды таптық, бұйырса жолығамыз", - деп жазған ол.

@aidosturlybek ♬ оригинальный звук - ?????

Желі қолданушылары да жантебірентерлік көрініске жылы сөздерін жазған. Бірақ TikTok-тағылардың көпшілігі оны ер адам деп ойлаған.

"Біздің мектепте оқиды баласы, осы кісіні көргенде жүрегім ауырады. Бірақ ата-анаңның бар болғаны қандай жақсы, баласы үшін бәрін жасап береді", "Соны ойлап тапқан әкесі қандай күшті! Соның ішінде ұялмай отырған баладан айналдым! Қазір балдар қит еткеннен ұялады, намыстанып!", "Жыл әкесі атағына лайық. Бала үшін ата-ана не істемейді?", "Ханшайымды күймеде алып келе жатыр", "Бұл кісіні танимын, күнде осылай апарады сабаққа, нағыз әке!", "Жылатады ғой мына видео", "Көзіме жас келді", - дейді пікір жазғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова