- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екібастұзда электр энергиясы...
Екібастұзда электр энергиясы заңсыз сатылған - БАҚ
Екібастұзда электр энергиясы заңсыз сатылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Greenhouse-Qaztomat серіктестігі жылыжай кешенінде көкөніс өсіру үшін "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС-нен электрэнергиясын сатып алғаны белгілі болған.
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, күтілетін кірісті алмаған серіктестік директоры Матымов электр энергиясын сату лицензияланатын қызмет түрі екенін біле тұра Blockrose ЖШС-не тиісті лицензиясыз электр энергиясын өткізген.
"Электр энергиясын сатудан түскен заңсыз кіріс көлемі 118 миллион теңгеден астам сома болды. Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкініп, рақымшылық актісін қолдануды сұрады", - деді департамент өкілдері.
Екібастұз қалалық сотының шешімімен Greenhouse-Qaztomat ЖШС атқарушы директоры Матымов "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина