"Ажырасып кеткен бе?" Желіде Қайрат Нұртастың інісіне қатысты қауесет тарады

"Ажырасып кеткен бе?" Желіде Қайрат Нұртастың інісіне қатысты қауесет тарады

Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртастың інісі, AlZaBi тобының мүшесі Заңғар Нұртас әйелімен ажырасып кеткен деген қауесет тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заңғар да, әйелі Жібек те әлеуметтік желідегі парақшаларында бірге түскен фото және видеоларын өшіріп тастағаннан кейін Желі қолданушылары олар ажырасып кеткен деген ойға келген. 

Әнші мен әйелінің парақшаларында оқырмандары уайымдап, бұл оқиғаның мән-жайын сұрай бастаған. 

Алайда бұл тек хайп және жалған ақпарат деп сенбегендер де болған. 

Айта кетейік, Заңғар да, Жібек те әлеуметтік желідегі парақшаларында әлі де бір-біріне жазылған. Екеуі де бұл жайтқа қатысты пікір білдірмеген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина