"Біз дайын болмадық". Жылусыз қалған Екібастұз тұрғыны суықта қалай күн көріп жатқанын айтты

"Біз дайын болмадық". Жылусыз қалған Екібастұз тұрғыны суықта қалай күн көріп жатқанын айтты
Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Екібастұзда жылу желілерінде апат болып, түннен бері бірнеше үй жылусыз қалды. Қала тұрғындары мұндай жағдайға наразы екенін, оларға алдын ала осындай жағдай болуы мүмкін екенін ешкім ескертпегенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Далада -31 градус аяз. Су құбыры қатып қалған. Менің алты айлық немерем бар. Не істерімізді білмейміз. Бәрі ЖЭО-дағы жағдайды білді, бірақ ештеңе істемеді. Қала толығымен жылусыз қалды. Оның үстіне, трансформаторлар жарылды, жарық та жоқ", - дейді Екібастұз тұрғыны. 

Фото: Валерия Бугаева

Тұрғынның айтуынша, олар тек жылусыз, жарықсыз емес, сондай-ақ сусыз қалған. 

"Түнде жатарда бәрі жақсы болған. Таңда күйеуім жұмыстан хабарласып, дереу барлық құбырды ашып, су толтыруымды сұрады. Ешкім мұндай жағдай болады деп ескертпеді. Біз дайын болмадық. Қазір су жоқ, ал біз жер үйде тұрамыз. Тіпті арнайы су тасымалдаушыларды да жібермеді. Телеарналарда көрсетіп жатқан ЖЭО емес, ол - ГРЭС. Біздің ЖЭО-ны көрсетуге келмейді, құдды апокалипсис сияқты", - дейді ол. 

Тұрғынның айтуынша, қазір үйде тек жылыту құрылғысымен жылытып отыр. 

"Жер үйге жылыту құрылғысынан тарайтын жылу жетпейді. Біз үшеуін қосып қойдық. Кеше тағы біреуін сатып алдық. Өкінішке қарай, дүкендерде ондай құрылғы азайып барады. Кеше құрылғы күні бойы қосулы тұрған соң, бір сымы жанып кете жаздады", - дейді әйел. 

Фото: Валерия Бугаева

Еске салайық, Екібастұз ЖЭО-ында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалғанын хабарлаған едік. Кейін қала әкімі Екібастұзда төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек