Жүрсін Ерман Ұлытау облысының тұңғыш Құрметті азаматы атанды

Танымал ақын, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман Ұлытау облысының тұңғыш Құрметті азаматы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ақын Олжас Отар Instagram-парақшасында жариялады.

"Баянауыл, Алматының құрметті азаматымын. Бірақ Ұлытау азаматы атағының орны бөлек. Өйткені Ұлытау бөлек облыс болып, маған тұңғыш Құрметті азаматы атағын бергеніне өте қуаныштымын. Өзіміз Алматыда тұрсақ та, үнемі Ұлытауға мойын бұрып тұрамыз, көмектескіміз келіп тұрады. Мың да бір рақмет, Ұлытау халқы", - дейді ақын видеода. 

Еске салайық, бұған дейін танымал ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскені хабарланған болатын. Дәрігерлер Жүрсін Ерманның денсаулығына қатысты пікір білдірген еді. Мамандардың сөзінше, ақынның ауруы асқынып, сепсиске айналған екен. Кейін Төреғали Төреәлі мен Марат Ахметов Instagram-дағы парақшаларында ақынның ауруханадан шыққаны туралы жазған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!