Танымал футболшының шаш үлгісін жасатқан оқушыға мектепке келуге тыйым салынды

Танымал футболшының шаш үлгісін жасатқан оқушыға мектепке келуге тыйым салынды
Фото: pixabay.com

Ұлыбританияда Sirius West Academy мектебінің оқушысы Альфи Рэнс танымал бразилиялық  футболшы Роналдоның шаш үлгісін жасағаны үшін сабақтан қуылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Hull Live басылымына сілтеме жасап. 

Оқушы футболшының ерекше шаш үлгісін қайталаған: шашын тақырлатып алып, алдына азғантай кекіл қалдырған. Алайда мұғалімдер оқушының бұл әрекетін құптамаған. Олар баланың анасына хабарласып, Альфи Рэнс білім ордасының ережесіне сай емес екенін айтып, үйге қайтаратынын айтқан. 

Оқушының анасы баласының көңілін қалдырғысы келмейтінін, оның имиджіне кедергі келтіргісі келмейтінін айтқан. Одан бөлек, әйел адам баласының сырт-келбеті оның оқу үлгеріміне әсер етпейтінін айтқан. 

"Роналду - ұлымның сүйікті футболисі, оның үстіне қазір әлем чемпионаты өтіп жатыр. (...) Ұлым мектепке барғысы келеді, бірақ оған шашын алып тастамайынша мектепке баруға тыйым салынған. Бұл күлкілі жағдай ғой, себебі ұлымның шаш үлгісі оның оқу үлгеріміне әсер етпейді", - дейді әйел адам.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина