"Улы сілекейін шұбыртты" - сенатор ресейлік сарапшының сөздері туралы

"Улы сілекейін шұбыртты" - сенатор ресейлік сарапшының сөздері туралы
Фото: Мұхтар Құл-Мұхаммед

Сенат алаңында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед журналист Владимир Соловьевтің "Россия 1" телеарнасындағы ресейлік сарапшылардың сөйлеген сөздері туралы ойларын ортаға салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Соловьев әлемнің көптеген елдерінде бұрыннан нон грат алған адам болатын және қазір барлық түрдегі санкциялық қара тізімде бар. Сондықтан ыза-кектің салдарынан ол бәріне жармасып улы сілекейін шашып жүр", - деді Құл-Мұхаммед.

Ол Соловьев бұрын "Россия 1" телеарнасында Алматыға бомба "тастап жіберуді" ұсынғанын еске салды, одан бағдарламаның мейманы - Мемлекеттік Думаның депутаты Онищенко да үрейленіп қалған болатын.

"Жалпыға бірдей жек көрушілік салдарынан ол (Соловьев - редакция ескертпесі) көбінесе өзі сөйлейді және өз бағдарламасының меймандарын жанжал мен арандату мәлімдемелеріне итермелейді. Мұның бәрі тікелей эфирде және есуастық түрінде болады", - деп атап өтті сенатор.

Ол ресейлік саясаттанушы Дробницкийдің "келесі мәселе Қазақстан болуы мүмкін. Өйткені нацистік процестер де сол жерде басталуы ықтимал" деген сөзінде біздің елімізге тікелей қатер төндіру анық байқалатынын атап өтті.

"Егер ол Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚШҰ-да бірге тұрған бізге дос Ресейдің мемлекеттік арнасының эфирінде көрсетілмесе,  дүдәмал сарапшысы-фантаст Дробницкийдің, ол - Жуков қой, пікіріне назар аудармас едік. Ресейлік саясаткерлердің осындай екпінді, мақсатты шабуылдары Соловьевтің шоуында бұрыннан жүйелі түрде жалғасып келе жатқандықтан, олар Ресей Федерациясының Федералды билігі тарапынан объективті жауапқа лайық. Қазақстан 30 жылдан астам уақыт бойы тәуелсіз мемлекет болып келеді. Соловьев пен оған ұқсас саясаткерлер шынайы шындықты түсініп, жаңа геосаяси шындықпен санасуды үйренетін уақыт келді", - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Айта кетейік, Ресейдің "Россия-1" телеарнасының "Вечер с Владимиром Соловьёвым" ток-шоуында Ресейдің Украинадан кейінгі келесі проблемасы Қазақстан екені айтылған еді.

"Мына нәрсеге назар аударайықшы, Ресейдің Украинадан кейінгі проблемасы - Қазақстан. Өйткені Украинадағыдай нацистік процестер де сол жерде басталуы мүмкін", - дейді бағдарлама қонақтарының бірі. 

Өз кезегінде сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенка ресейлік сарапшылардың айтқан сөзіне қатысты ойын айтты. 

"Әрине, мен ешқашан нацистік процеске тап болған емеспін, ол біздің елімізде жоқ та. Мұндай мәлімдемелерге қатысты айтарым - Мемлекет басшысы да, СІМ басшылығы да, өзге басшылар да бұған дейін түрлі мәлімдеме естіді. Біріншіден, біз бұл Ресей Федерациясының ресми ұстанымы деп санамаймыз. Екіншіден, Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі тығыз қарым-қатынастарға нұқсан келтіріліп отыр. Үшіншіден, федералды арналардың бірінде осындай позициялар жарияланғандықтан Ресей Федерациясының билігі тиісті реакция береді", - деді Василенко Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп. 

@massaget.kz #украина#ресей#россия#казахстан#қазақстан#проблема#мәселе#война#соғыс#рек#хочуврек ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Құлтай