- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ми жұмысын баяулататын...
Ми жұмысын баяулататын тағамдар аталды
Тұздалған қызанақ пен қияр, ысталған ет пен шұжық мидың жұмысына кері әсер етеді, - деп хабарлайды gazeta.ru сайты.
"Мидың жұмысын жақсарту үшін тұздалған қызанақ, қияр, ысталған ет, шұжық өнімдерін пайдалануды шектеу керек. Тұз ағзадағы сұйықтықты сақтап, қан тамырларының ісінуіне әкеледі. Ал мидағы қан айналымының нашарлауы, оның қызметін баяулатады. Сонымен қатар, миға зиян заттар қатарында қант та бар. Бұл өнімдерді шамадан тыс тұтыну ақпаратты ассимиляциялау және зейіннің жоғалуы секілді проблемаларды тудырады", - деп түсіндірді ресейлік эндокринологтар қауымдастығының және Еуропалық қант диабетін зерттеу қауымдастығының (EASD) мүшесі, диетолог Елена Евдокимова.
Дәрігердің айтуынша, тез сіңетін тағамдар, кондитерлік өнімдер, ұннан жасалған тағамдар, тәтті газдалған сусындар да миға зиян тигізуі мүмкін. Олар денеге оңай сіңіп, қандағы қант пен инсулиннің күрт өсуін тудырады. Бұл семіздікке апарумен шектелмей, миды оттегімен қамтамасыз етуді бұзады.
"Алкоголь өнімдері де ми үшін қауіпті. Ол ағза жасушаларының жұмысына кедергі келтіріп, жүйке жүйесінің жұмысын және ақыл-ой белсенділігін, есте сақтау қабілетінің бұзылуына ықпал етеді. Алкогольді жиі тұтыну ерте қартаюға алып келеді", - дейді диетолог Евдокимова.
"Жұмыртқа, какао, су, көк шай, тұтас дәнді нан, сәбіз, қызылша, зығыр майы миға пайдалы. Олар миды қуаттандырып, жұмысын жақсартады, жүйкені тыныштандырады", - деп қорытындылады диетолог.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова