"8 жыл қайда болдық?" Атақты журналист соғыстың басты сұрағына жауап берді

"8 жыл қайда болдық?" Атақты журналист соғыстың басты сұрағына жауап берді
Фото: Tass

"Новая газета" бас редакторы Дмитрий Муратов Юрий Дудьке берген сұхбатында Украина мен Ресей арасындағы соғыс туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Маған үгіт жүргізетіндердің "8 жыл қайда болдық" деген мемдері ұнамайды. Мұндай сұрақ қойғанда, адамдар қалай жауап берерін білмей абдырап қалады. Жауабы өте қарапайым. Біз (Ресейді айтып отыр - авт.) онда 2014 жылдан бері не істедік? Есі дұрыс емес снайперді неге жібердік? Неге біз Донецкідегі қалаларды басып алдық? Ростов облысындағы Бірінші арнаның тілшісі Чумакованың Славянск қаласынан крестке шегеленген баланы ойлап тапқанын неге маған ешкім түсіндірмейді? Мен саған жауап берейін", - Дмитрий Муратов.

Оның айтуынша, мұның барлығы - қолдан істелген дүние.

"Ол - теледидарға сенетін адамдарды қоздыру үшін ойлап табылған нәрсе. Адамдар үкімет маңызды нәрсе айтады деп сеніп қалған. Ал қазір билік фашизмге қарсы күрес туралы айтып жатыр. Барлығы мүлде болмаған, айқышқа шегеленбеген бала мен оның анасы үшін кек алуға аттанды. Есіңе түсірші, 2012 жылы Донецкіде Еуропа чемпионаты болған еді ғой. Сол хай-тек пен махаббатқа толы үйлерді, ғажап стадион мен аэропорты бар керемет қаланы тартып алды ғой", - деп жауап берді Дмитрий Муратов.

Айта кетейік, Дмитрий Муратов - Нобель сыйлығын алған алғашқы ресейлік азамат. Ол филиппиндік журналист Мария Рессамен бірге "демократия мен тұрақты бейбітшіліктің алғышарты болып табылатын сөз бостандығын қорғауға күш салғаны үшін" осы марапатқа ие болған. Нобель комитетінің мәлімдемесінде Муратовтың "Новая газетаның" қызметкерлеріне бірнеше рет қоқан-лоқы жасап, бірнеше журналистің өлтірілуіне қарамастан, оның тәуелсіз саясатынан бас тартпағаны айтылған.

Еске салайық, Дмитрий Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін наурызда медалін сатуға ниетті екенін айтқан еді. Көп ұзамай "Новая газета" Украинадағы соғыс аяқталғанша жұмысын тоқтатқанын хабарлады. Басылым шешімін Роскомнадзордан екінші рет ескерту алғаны, сондықтан "газет жұмысын жалғастыра алмайды" деп түсіндірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек