Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі қандай?

Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстандық қоғамдық даму институтына сілтеме жасап.

Отбасылардың әлеуметтік-экономикалық мәртебесін зерттеу, біріншіден, отбасының жағдайы - қоғам жағдайының барометрі, азаматтарға даму үшін нақты мүмкіндіктер жасауды арттыру үшін маңызды. Отбасының өмір сүру деңгейі неғұрлым жоғары болса, қоғамның даму деңгейі соғұрлым артады. Екіншіден, отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы оның негізгі функцияларын орындауға және тұтас алғанда отбасының өміріне ықпал етуіне маңызды.

Инфографикада 2021 жылы өткізілген сауалнама бойынша Қазақстан ауылдарындағы отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы көрсетілген.

Бір қызығы, бұл көрсеткіштер респонденттің білім деңгейі мен қаржылық жағдайына байланысты өзгереді. Мәселен, жоғары білімі және материалдық жағдайы жақсы азаматтардың тұрақты қосымша табысы бар. Ал кездейсоқ табыс көзін орта білімі бар респонденттер мен ақша тіпті азық-түлік сатып алуға жетпейтін респонденттер қанағат тұтады.

Институт мәліметінше, өңірлер бөлінісінде еңбекақыға қосымша табыс көбіне Алматы (22,6 пайыз) және Қостанай (22,4 пайыз) облыстарының тұрғындары алады. Кездейсоқ табыс Павлодар облысының әрбір бесінші респондентінде (18,4 пайыз) және Солтүстік Қазақстан облысының әрбір жетінші респондентінде (13,2 пайыз) артық табыс көзі бар.

Сауалнамаға 1200 адам қатысқан. Зерттеу Қазақстанның 14 облысындағы ауылдық елді мекендерді қамтыған.
Көрсеткіштердің жиынтығы 100 пайызға тең емес, өйткені респонденттерге таңдау үшін жауаптың бірнеше нұсқасы берілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!