Алапат өрт кезінде қаза болған өртсөндірушінің видеосы жұртты тебірентті

Алапат өрт кезінде қаза болған өртсөндірушінің видеосы жұртты тебірентті
Фото: Instagram

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде шыққан өрт кезінде жарақат алып, қайтыс болған Асқар Забикулиннің видеосы қазақстандықтарды елжіретті. Видео ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми парақшасында жарияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ер есімі - ел есінде!" - делінген видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???ҚР ТЖМ, МЧС РК (@tjm_mchs)

Желі қолданушылары видеоға жантебірентерлік пікір жазып жатыр.

"Ержүрек батырымыз Асқар Жәннаттың қақ төрінен орын алып жатқан шығар", "Алла жар болсын, иманды болсын... өте өкінішті. Отбасына көңіл айтамыз....", "Жаны жәннаттан болсын! Қазақтың қас батыры", "Жаны жәннатта болсын", - деп жазған Желідегілер. 

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы тұрғын үйден шыққан өрт кезде зардап шеккен өртсөндіруші қайтыс болғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, Астанадағы көшелердің біріне өртсөндіруші Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова