- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақ қыздарын сындырамын...
Қазақ қыздарын сындырамын деген ресейлік пикапер жұртты тағы шулатты
Ресейлік пикапер, блогер Алекс Лесли Алматыға келгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, Желіде Леслидің Алматыға келгені өтірік екені туралы дәлелдер тараған болатын. Мысалы ол парақшаларында Алматы әуежайына келгені туралы видео жүктеген болатын. Боксшы Жаңқош Тұраров Лесли Қазақстанға келе қалса қазақ қыздарының намысын таптатпайтынын мәлімдеді. Алайда пикапердің видеолары фейк болып шықты. Ол басқа біреулердің видеосының үстіне дауысын жаза салған.
Бірақ Лесли Алматыға келгені рас екенін айтып, қалаға қалай кіргенін айтып берген.
"Алматыға келудегі құпиям қарапайым. Біріншіден, сенімді оқушыларым бар, олар көп. Екіншіден, әуежайдағы вип-шығаберіс және бүркеуіші бар көлік. Кейбіреулер хейтерлерге шықпағаным үшін Алматыда екеніме күмәнмен қарап отыр. Менің қалада екеніме оқушыларым куә, әрине, қайда жүргенімізі айта алмаймыз", - дейді блогер.
@massaget.kz #алекслесли#пикапер#казахстан#қазақстан#ресей#россия#тренинг ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Еске салайық, Алекс Леслиге Қазақстанға кіруге бір жылға тыйым салынған болатын. Алайда блогер оған қарамастан Алматыға келгенін айтып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина