Блогерлер теңге дизайнын өзгертуді ұсынды

Блогерлер теңге дизайнын өзгертуді ұсынды

Блогерлер теңгенің жаңа дизайнын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Банкноттарда "Алаш Орда" қозғалысының қайраткерлері бейнеленген. 500 теңгелік банкнотта біртұтас Түркістанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Сұлтанбек Қожанұлы бейнеленген. 1000 теңгелікте алашордалық Міржақып Дулатов, 2000 теңгеде - тағы бір Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы, 5000-да Мұстафа Шоқай, 10 000-да - Кенесары хан, ал 20 000 теңгеде - Алаш үкіметі негізін қалаушылардың бірі және төрағасы Әлихан Бөкейхан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Диас и Айгерим Камеридановы (@unknownkazak)

Бұл идея авторлары - алматылық жас-жұбайлар Диас пен Әйгерім Камеридановтар. Осыдан төрт жыл бұрын олар әлеуметтік желіде "Белгісіз Қазақстан" авторлық блогын ашқан. Бұл жобада олар еліміздің мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихы туралы қызықты мақалалар мен бейнероликтерді бөліседі.

Оның айтуынша, банкноттардың көбінде алашордалықтар бейнеленген. Авторлар дәл осы тұлғалар қазіргі қазақ мемлекеттілігінің негізін қалағанын атап өтті.

"Бірақ кеңес өкіметі кезеңінде олар негізсіз халық жауы атанды. Олар туралы естеліктерді жаңғырту аруақтары (рухы– еск.) алдындағы, келер ұрпақ алдындағы парызымыз деп білемін. Ал 10 000 теңгелік банкнотта қазақтың соңғы ханы – Кенесары бейнеленген", - деп толықтырды жігіт.

Оларға идеяны жүзеге асыруға графикалық дизайнер Эльнора Матжанова мен видеоинженер Азамат Серікбаев көмектескен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина