"Қазақ қыздарын сындыру" курсын өткіземін деген ресейлікке Қазақстанға кіруге тыйым салынды

"Қазақ қыздарын сындыру" курсын өткіземін деген ресейлікке Қазақстанға кіруге тыйым салынды
Фото: Желіден алынған кадр

"Қыздарды сындыру" туралы тренингтер мен кітаптардың авторы ресейлік Алекс Леслиге Қазақстанға кіруге тыйым салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Желіде Мұхамеджан Тазабектің Алекс Леслиге қатысты үндеуі жарияланған. 

"Қызыңды қорлаймын" десе үніміз шықпайды, "қатыныңды зорлаймын" десе дымымыз шықпайды... Ішіп-жеген, жатып-тұрған хайуаннан қандай айырмашылығымыз бар?! Біздің бүкіл энергиямыз бен мінезіміз өзара қырқысқанда ғана керек сияқты... Бірі-бірімізге тісіміз пышақтай, қолымыз қанжардай... Жаттың жаулауы мен бөтеннің бұзықшылығына мәу демейміз... Қайдасың коменттің командирлері мен дизлайктің дивизясында жүргендер?!" - деп жазған ол Желіде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Muhamedjan Tazabek (@mukhamedzhan_tazabek)

Полиция департаменті мәліметінше, оған Қазақстанға бір жыл көлемінде келуге тыйым салынған.

"Қабылданған шаралар бойынша Ресей азаматы Алекс Кирилловтың Қазақстанға келуіне бір жылға тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін "қазақ қыздарын сындыру курсын" өткіземін деген ресейлік Желідегі парақшаларын жауып тастағаны хабарланған болатын.

@massaget.kz #алекслесли#қазақстан#казахстан#лесли#пикапер#тренинг#ресей#россия#тыйым#запрет#1жыл ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова