Ыстамбұлдың орталық аудандарының бірінде тағы жарылыс болды

Ыстамбұлдың орталық аудандарының бірінде тағы жарылыс болды

Ыстамбұлдың Фатих ауданында жарылыс болып, жалын үш көлікті шарпыды, - деп хабарлайды Mynet.

Түрік басылымының мәліметінше, Коджамустафапаша көшесімен келе жатқан көлік жүргізушісі көлігінің жанып жатқанын байқап, жол жиегіне тоқтап, айналасындағылардан көмек сұраған.

Біраз уақыттан кейін көлік өртеніп, жалын сол маңда тұрған төрт көлікке тараған. 

"Ыстамбұлдың Фатих ауданында белгісіз себептермен жанып бастаған көліктің жалыны тұраққа қойылған өзге көліктерге тарады. Желіде тараған видеодан өрт кезінде жарылыс дыбыстары естілді", - деп жазады басылым.

Өртсөндірушілер оқиға орнына дер кезінде келіп, өртті ауыздықтаған.

Өрт кезінде көліктердегі адамдар эвакуацияланды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ. Көліктің өртену себебі анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова