"1 миллионның торты". Төреғалидың қарындасы үйлену тойы қалай өткенін көрсетті

"1 миллионның торты". Төреғалидың қарындасы үйлену тойы қалай өткенін көрсетті
Фото: Instagram/tattti_kyz

Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Дина Төреәлі тұрмысқа шықты. Ол той видеоларын Instagram-парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында Төреғали Төреәлінің екінші қарындасы неке қидырып, шаңырақ көтерді. Бойжеткенге "сырға салу" рәсімі жасалып, бір күннен кейін сән-салтанатқа толы "ұзату той" жасалды, оған отандық шоу-бизнес жұлдыздары шақырылды. Тойда ағасы мен әкесі қалыңдыққа ән арнап, жұртты елжіретті. 

Ал осы демалыста олардың үйлену тойы өтті. Блогердің айтуынша, торт құны - 1 миллион теңге. Тойға арналған тәтті ертегідегі сарайға ұқсайды.

"Өміріміз осы торт секілді тәтті болсын. 1 миллионның торты", - деп жазған блогер парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дина Тореали (@tattti_kyz)

"Міне, Х күнге де жеттік", - деп жазған блогер жазбасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дина Тореали (@tattti_kyz)

Сондай-ақ, блогер арнайы Парижде түсірілген Lоve Story-ін бөлісті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дина Тореали (@tattti_kyz)

Ал бұл жазбасына Дина Төреәлі тойдағы қызық сәттерді көрсеткен.

"Сезім үшін", - деп қысқа қайырған ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дина Тореали (@tattti_kyz)

Желі қолданушылар жұпқа бақыт тілеп, пікір қалдырған. 

"Күшті! Осындай дүбірлі той жұғысты болсын", "Ұлы дала баласы қарындасының тойы Ұлы той болды ғой", "Қандай әдемі жұп?! Көз тимесін!", "Екеуі бір-бірін жақсы көретіні көрініп тұр", "Жандарым, екеуінің көзі жанып тұр. Алла көптің тілегін қабыл етіп, тек бақытты қылсын. Балапандарыңды көрейік", - деп жазған пікір қалдырғандар. 
 

Еске салайық, бұған дейін Желіде әнші Төреғали Төреәлінің әкесі қызының ұзату тойында ән айтып, жұртты елжіретікен видеосы тараған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек