Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: elements.envato.com

Қазгидромет синоптиктері алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері және жаңа жұмыс аптасының басында республиканың көп бөлігіне атлантикалық циклон және фронтальды бөлімдер әсер етеді. Сондықтан ауа райы тұрақсыз болады. Республиканың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбыр мен қар араласып жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, елдің көп бөлігінде көктайғақ, боран, сондай-ақ, екпінді жел болады. Оның жылдамдығы секундына 15-29 метрге жетеді. Ал елдің оңтүстік өңірлерінде 12-13 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша ауа райы күрт өзгермейді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова