Алматыда барахолкадан өрт шықты

Алматыда барахолкадан өрт шықты

Алматыда барахолкадан өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 11 қарашада сағат 10:56-да Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері Жетісу ауданы, Солтүстік айналым ықшамауданы, 7 Б мекенжайы бойынша жіберілген.

"Кептеліске қарамастан, алғашқы бригадалар 8 минутта жетті. Контейнер жанып жатыр, қою түтін пайда болды. ТЖД қызметкерлері мен құралдары жұмылдырылды, олар дереу өртті сөндіруге кірісті, өрт саптамаларын, газ және түтіннен қорғау қондырғыларын әкелді. Қызметкерлер адамдар бар-жоғын тексерді. Жағдай бейнебақылау камералары арқылы бақылауға алынды", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек