Диетолог қыста артық салмақ қосып алмау жолдарын айтты

Диетолог қыста артық салмақ қосып алмау жолдарын айтты
Фото: pixabay.com

Қыста артық салмақ қосып алмау үшін жаңғақ пен бұршақты өнімдерді жиі жеу керек. Бұл туралы диетолог зерттеуші Алекс Руани айтты. Маман күн суықта артық салмақ қосып алмау жолдарын айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Диетологтың сөзінше, жоғары қарқынды интервалды жаттығу істеуді ұсынды және дұрыс тамақтанумен қатар физикалық белсенділік арқылы ғана нақты бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, Руани күн суықта жиырма градустық ванна қабылдап, майды ыдырату процесі және метаболизмді жақсарту үшін жиі сыртқа шығыңыз.

Диетолог артық салмақ қосып алмау үшін кешке және түнде тамақ ішпеген дұрыс екенін айтады. Әсіресе ұйықтар алдында 3-4 сағат бұрын тамақ ішпеген дұрыс. 

Маман дене бітімін бір қалыпта сақтау үшін және тоқтық сезімін сақтау үшін жасұнықты көбірек тұтыну керек. Ол жеміс, көкөніс, жаңғақ және дәнді дақылдардың құрамында көп. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина