Көпен Әмірбек ауыр дертке шалдықты

Көпен Әмірбек ауыр дертке шалдықты
Фото: "Ана тілі" газеті

Танымал журналист әрі сықақшы Көпен Әмірбек ауыр сырқатқа шалдыққан. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серік Сейітман Facebook-те жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Көпен Әмірбек кейінгі екі-үш айда жаман ауруға шалдыққан. Оның еміне қомақты қаржы керек екен.

"Ұзынқұлақтан хабардар боларсызар, қазақтың көзі тірі классигі Көпен Әмірбек ағамыз сырқаттанып қалды. Аты жаман ауру ол кісіні кейінгі екі-үш ай ішінде қатты мазалап барады. Астанадағы көпсалалы онкология ауруларын емдейтін орталықта хирургиялық отадан өтті және ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығындағы бас гастроэнтеролог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Б.Р. Бимбетовтың 2022 жылғы 19 қазандағы ұсынысы бойынша, шетелдік "Здравница Дмитрия Раевского" ЖШС емдеу орталығының Астанадағы филиалынан интегративтік терапия алу үшін тексерілуден өтті. Орталық үш айлық емдеу жоспарын ұсынып отыр: ем-шараның құны - 17 920 000 теңге. Қаламгерде ондай қаржылық мүмкіндік жоқтығына байланысты ағайын-туыстар бастапқы емдеу ісіне ортадан қаражат шығарды. Қазір ол да түгесіліп барады.  Сондықтан билік басындағы ел азаматтары мен іскер топ өкілдерін осы жағдайға бей-жай қарамай, мүмкіндігінше қол ұшын созуға шақырамыз. Байланыс нөміріміз: +7 701 433 29 39", - делінген жазбада.

Айта кетейік, Көпен Әмір - журналист, сықақшы. Оның "Аты жоқ кітап", "Алып", "Тілім қышып барады", "Қысыр әңгіме", "Ауызбастырық", "Мың бір мысал", "Неменеңе жетісіп күлесің?", "Өзіңді танисың ба?", "Сайдағы қойшыдан сарайдағы патшаға дейін" атты әзіл-сықақ, пародия кітаптары бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова