Алматыдағы автобус апаты: жүргізуші есін жоғалтып алған

Алматыдағы автобус апаты: жүргізуші есін жоғалтып алған
Фото: Әлихан Сариев

City Bus ЖШС өкілі Алматының орталығындағы ірі жол апатына қатысқан №98 автобус жүргізушісінің жағдайы туралы айтты. Автопарк директоры Егор Жигловтың айтуынша, жүргізуші бас жарақатымен ауруханаға жатқызылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жүргізуші қазір нейрохирургияда жатыр. Оның миы шайқалған, жағдайы тұрақты", - деді Жиглов.

№98 автобус жүргізушісі 35 жаста. Автопарк мәліметінше, жүргізуші 2022 жылғы мамырдан бастап жұмыс істейді. Қазір ол тергеуде.

"Оның 2012 жылдан бергі тәжірибесі бар. Жүргізуші жақсы қырынан көрінген, бұрын мұндай оқиғаларға қатыспаған. Ол әлі шошып қалған күйде, ештеңе есінде жоқ және сөйлемейді. Ол уақытша есін жоғалтып алған", - деді тасымалдаушы компания директоры Егор Жиглов.

Айта кетейік, кеше Абылай хан мен Төле би көшелері қиылысында жол апатынан 19 адам зардап шегіп, бір адам қайтыс болған еді. Марқұм сол жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргінші болып шыққан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова