"Әр сантиметр мен секунд есептелген". Танымал мобилограф Тоқаевтың сапары туралы ерекше влог жариялады

"Әр сантиметр мен секунд есептелген". Танымал мобилограф Тоқаевтың сапары туралы ерекше влог жариялады

Танымал мобилограф Қыран Талапбек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырауға жұмыс сапары туралы ерекше влог түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео Атырау әуежайынан басталады. Онда блогер Президент бортының келгенін көрсеткен. Ол видеода хаттама туралы айтып, әр сантиметр мен секунд қаншалық дәл есептелгеніне таңғалған.

Қыран Талапбек Президентті атыраулықтар қалай күтіп алғаны, Ақорданың мобилографының жұмысы туралы айтқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кыран Талапбек (@kyran_talapbek)

Еске салайық, 8 қарашада Мемлекет басшысы Атырау облысына жұмыс сапарымен барған еді. Облыс жұртшылығымен кездесу барысында Тоқаев жол сапасыздығы, спортты дамыту, облыста ірі мұнай қоймасының құрылысы туралы айтып, Жайық өзенінің экологиялық жағдайы жөнінде тапсырма берген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова