Талдықорғанда құрылыс нысанында шетелдік ер адам қаза болды

Талдықорғанда шетелдік азамат құрылысы жүріп жатқан нысанның төртінші қабатынан құлап, қаза болды, - деп хабарлайды Рolisia.kz.

Басылым мәліметінше, оқиға 6 қарашада құрылыс нысандарының бірінде болған.

"24 жастағы жігіт салынып жатқан ғимараттың 4-ші қабатынан абайсызда құлап кетіп, қаза болды. Марқұм көрші елден еңбек мигранты ретінде келген шетелдік азамат болып шықты.

ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы (Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша соталды тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!