- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сеулдегі қазақстандық қазасы:...
Сеулдегі қазақстандық қазасы: СІМ қаражат жинап жатқандарға жауап берді
Сыртқы істер министрлігі өкілдері Сеулде Хэллоуин мерекесі кезінде қаза тапқан қазақстандықтың денесін елге жеткізу үшін қаражат жинағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бұл оқиғадан кейінгі күні Кореяның Сыртқы істер министрлігімен келіссөздер жүргізілгенін және қаза тапқан студенттің денесін Ақтөбеге жеткізу бойынша барлық шығынды корей тарапы көтеретіні туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін айтты.
"Бұл қайғылы жағдай, мәселенің басын ашу қиын болды. Сеулдегі елшілігіміз қолдан келгеннің бәрін жасады. Мәйіт 3 қарашада Алматыға, 4 қарашада Ақтөбеге жеткізілді. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында 1 қарашада мәйіт жеткізілді деген тексерілмеген ақпарат тарады. Өкінішке қарай, осы өлімнен ақша табуға тырысқан және әлеуметтік желілерде қандай да бір қаражат жинауды жариялаған адамдар бар. Біз корей тарапы денені жеткізудегі барлық шығынды толығымен өтегенін мәлімдейміз. Қаза тапқан студенттің денесін Қазақстанға жеткізу үшін ақша жеткіліксіз деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп түсіндірді СІМ өкілі.
Еске салайық, 29 қазанда түстен кейін 100 мыңға жуық адам Хэллоуиннің алғашқы демалысын атап өту үшін ойын-сауық ауданында болған. Осылайша, қысым салдарынан 50 адамның жүрегі тоқтап қалған.
Хэллоуинді тойлау кезінде 155 адам қайтыс болып, 82 адам жараланғаны хабарланған болатын. Қаза тапқандар ішінде қазақстандық қыз бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек