Қытайдағы Диснейлендте карантин жарияланып, мыңдаған келуші оқшауланды

Қытайдағы Диснейлендте карантин жарияланып, мыңдаған келуші оқшауланды
Фото: Видеодан алынған кадр

Қытайдағы Диснейлендте карантин жарияланып, мыңдаған адам оқшауланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Хабарландыру кезінде саябаққа келген барлық келушіге коронавирусқа қарсы тест нәтижесі теріс болмайынша сыртқа шығуға тыйым салынған. Бұл демалыс күндері Шанхайда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар арасында 10 жағдай тіркелгеннен кейін болды.

Қытайдың WeChat әлеуметтік желісінде Шанхай үкіметі саябаққа кіруге және оның ішіндегілер коронавирусқа қарсы тест нәтижесін тапсырып, ол теріс болмайынша сыртқа шығуға тыйым салғанын хабарлаған.

Сонымен қатар, бейсенбіден бастап саябаққа келген кез келген адам қатарынан үш күн теріс ПТР нәтижесін көрсетіп кіре алатыны айтылған. 

Шанхай Диснейленд сайтында коронавирустың таралуын бақылау мақсатында жұмысты белгісіз мерзімге тоқтату туралы хабарланды. Саябақтың қашан ашылатыны белгісіз.

Желіде жарияланған видеода саябаққа келген адамдар дүрлігіп, қақпаның құлыптаулы екенін байқағаны бейнеленген. Саябаққа күніне 60 мыңға жуық адам келеді. Дегенмен аттракциондар жұмысын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, мұндай жағдай былтыр да болған. Былтыр қарашада Қытайдағы Диснейлендке келген 30 мыңнан аса келушіні ойын-сауық саябағынан шығармаған, себебі келген адамдардың бірінде коронавирус анықталған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек