Сеулде қаза тапқан қазақстандық студенттің денесі елге қашан жеткізілетіні белгілі болды

Сеулде қаза тапқан қазақстандық студенттің денесі елге қашан жеткізілетіні белгілі болды
Фото: Reuters

Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде қаза тапқан қазақстандық студенттің денесі елге қашан жеткізілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Qazaqstan.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қаза тапқан студент Ақтөбе қаласындағы №27 мектепте оқыған. Ұстаздарының айтуынша, ол ағылшын тілін жетік білген. Қыз екінші жоғары білім алу үшін Оңтүстік Кореяға барған.

Туыстарының айтуынша, оның денесі 1 қарашада Қазақстанға жеткізіледі. Қазір отандық дипломаттардың құжаттарды дайындауға көмектесіп жатқаны белгілі болды.

"Мәдина үздік оқыған қыз. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сыныпта оқыды. Ағылшын тілін өте жоғары деңгейді білді. Оған оқыған ұнайтын. Енді, өкінішке қарай, осындай жағдай болғасын бітіре алмады. Отбасымен байланысты болдық. Хабарын біліп отырдық", - деді №27 орта мектеп директорының орынбасары Алтынгүл Аткиева. 

Еске салайық, бұған дейін Сеулде Хэллоуинді тойлау кезінде 154 адам қайтыс болып, 82 адам жараланғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, СІМ өкілі Сеулде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоғын мәлімдеген еді. Алайда кейінірек қаза болғандар арасында қазақстандық та бар екені белгілі болды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек