- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігерлер Жүрсін Ерманның...
Дәрігерлер Жүрсін Ерманның денсаулығына қатысты пікір білдірді
Фото:
Фото: instagram.com/zhursin_yerman
Айтыс жүргізушісі, ақын Жүрсін Ерманның жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана өкілдері Жүрсін Ерманның денсаулығы толық бақылауда екенін айтады. Мамандардың сөзінше, ақынның ауруы асқынып, сепсиске айналған екен. Дәрігерлер қарап жатыр, тиісті ем шаралары жасалып жатыр.
Фото: instagram.com/zhursin_yerman
Еске салайық, 29 қазанда Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түскені хабарланған болатын. Бұл туралы айтыскер ақын, жыршы-термеші Дидар Қами Instagram-парақшасында айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина