Психолог бала қай жасқа дейін ата-анасымен ұйықтауға болатынын түсіндірді

Психолог бала қай жасқа дейін ата-анасымен ұйықтауға болатынын түсіндірді

Психолог, медицина ғылымдарының кандидаты Светлана Молчанова "Доктор Питер" басылымына берген сұхбатында балалар қай жасқа дейін ата-анасымен ұйықтауға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Психологтың сөзінше, бала өмірінің алғашқы айларында мүмкіндігінше, анасына жақын болуы керек.

Дегенмен, екі-үш жастан кешіктірмей баланы бөлек жатуға үйрету керек, себебі оның дамуында түрлі проблемалар болуы мүмкін.

"Мамандар балаларда - 2-3 және 9-10 жаста жеке тұлғаны қалыптастыру процесі белсенді түрде басталатынын, қоршаған әлемді тани бастайтынын айтады. Егер осы кезеңде ата-аналар бала шекарасын өз бетінше кеңейтуге, соның ішінде өз төсегінде ұйықтауға мүмкіндік бермесе, балалардың психикалық дамуы баяулай бастайды", - деп түсіндірді Молчанова.

Психолог баланы бөлек жатқызу үдерісі кенеттен болмауы керегін де баса айтады. Алдымен баланың төсегінде жанына жатып, түнгі шамды жағып, сүйікті ойыншығын қасына беріп, шыдамдылық таныту маңызды.

"Егер бала түн ортасында қасыңызға жатқызуды сұрап келсе, оны ұрысып, қуу қажет емес. Бала сіздің жанында екеніңізді, оны жақсы көретініңізді және кез келген қауіптен қорғай алатыныңызды сезінуі маңызды. Сондай-ақ, балаңызды достарыңыз бен туыстарыңыздың алдында ересек болғанын, бөлек жатып жүргенін айтып мадақтауды ұмытпаңыз", - деді психолог.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова